RU
Баян Мақсатқызы: Тұрсын бәрін тастады да, маған келді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Мақсатқызы: Тұрсын бәрін тастады да, маған келді

Рассказать Вконтакте

Баян Мақсатқызы өмірінде бір рет қана ғашық болғанын айтты. Бірақ, Тұрсын Алагөзовке деген сезімі ойламаған сәтте келген. Продюсер ел назарында болатын махаббатты бастан кешірем деп ойламаған деп хабарлайды «TalkLike» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы: Тұрсын бәрін тастады да маған келді

Баян Мақсатқызы: Тұрсын бәрін тастады да маған келді

«Менің өмірімде бір ғана махаббат болған. Ол кітапта жазылған Леша болатын. Алайда мен 20 жылдан аса уақыт өткенде өзге адамды жолықтырдым. Мен ғашық боламын деп ойламадым. Ел назарында жүретін үлкен махаббатқа жолығамын деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Мен мұндай сезімге дайын болмадым», - деп сыр бөлісті.
Баян Мақсатқызы: Тұрсын бәрін тастады да маған келді

Баян Мақсатқызы: Тұрсын бәрін тастады да маған келді

Ал тележүргізушінің «Тұрсын сені дәл осылай сүйеді ме?» деген сұрағына:

«Ол өмірін түгелдей өзгертті. Бәрін тастады да, маған келді. Ер адамның ойында күмән болса, ол артқа қайтар жол қалдырады. Ал Тұрсын өткен өмірін түгелдей сызып тастады. Ер адамның іс-әрекетіне қарап білуге болады ғой. Сондықтан 46 жастағы адамның сөзі емес, ісі бәрін дәлелдейді деп ойлаймын», - деп жауап берді.
«Көптеген адамдар үшін өзінің отбасын махаббатына бола тастап кету ұят. Бірақ, сен жалғыз келдің. Жалғыз кетесің. Көп әйел өзгені сүйіп қалуы мүмкін. Бірақ, олар жылайды, қиналады. Солай өмір бақи жүреді. Мен осы ұяттың шекарасын аттаған аз ғана адамның бірі болғаным үшін талқыға түстім. Осындай жағдайға тап болдым. Мен өзгелер қорыққан нәрсені жасадым. Бірақ мен бұл үшін өкінбеймін», - деді Мақсатқызы.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
72
2
1
4
2
26
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір