RU
Тегін төсек қатынасын уәде етіп, желіде жар салған аруға жігіттер таласып қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тегін төсек қатынасын уәде етіп, желіде жар салған аруға жігіттер таласып қалды

Рассказать Вконтакте

Қытайда 19 жастағы бойжеткен желіде өзінің кез-келген адаммен төсек қатынасына тегін түсетінін айтқан. Ол қонақүй мекен-жайы мен бөлмесінің нөмірін мәлім еткен соң, онда үш мыңға жуық азамат жиналып қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Бойжеткен өзінің ерекше ұсынысын Qianjin Yeye деген атпен желіде жариялаған.

"Маған келіңіздерші... Төсек қатынасы... Тегін... 6316" деген жазбамен қоса, жартылай жалаңаш күйде түсірген видеосын да шығарыпты.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш мыңға жуық адам қоңырау шалып, қонақүй алдына келген. Осыдан кейін ару айтқан сөзіне өкініп, оның жай ғана қалжың болғанын жеткізіпті.

Қонақүй қызметкерлері полицияға қолайсыз оқиға туралы хабарлаған соң, тәртіп сақшылары аталмыш нөмірге келіп жеткен. Алайда бойжеткен бұл уақытта бөлмеден қашып үлгеріпті.

Полицейлер бүлік шығарған аруды басқа қонақүйден тауып алды. Оны 15 тәулікке қамап, жезөкшелік бойынша және қонақүй жұмысына кедергі келтіргені үшін айыптады. Оған қоса 57 евро көлемінде айыппұл төлеткен.

Сіздің реакцияңыз
7
5
9
2
5
20
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel