RU
Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың анасы көз жасын тоқтата алмады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың анасы көз жасын тоқтата алмады (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда VK желісінде танысқан жігітпен кездесіп, артынша жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың анасы елге үндеу жолдады. 12 күн бойы қызынан хабар-ошар күтіп, өзегі талған Рахимова Нұрлыхан бүгінде не өлі, не тірі емес күйде отырғанын жеткізді. Қатты уайымдаған ана қызының тірі екеніне сенеді. Ол NUR.KZ порталы арқылы жанайқайын айтты.

Жоғалған қыз

Әйгерім Рысбек
Source: UGC

"Бүгін Ақеркенің жоғалғанына 12 күн болды. Әлі ешқандай хабар жоқ. РУВД-ға барсақ, олар да ешқандай ақпарат бермейді. Қызым, сені ойлап, қиналып жатырмыз. Бізді естіп отырсаң, үйге қайтшы. Шарқ ұрып іздеп жатырмыз... Сенің тірі екеніңе сенемін. Өтінемін, қызымды тауып беріңіздерші", - деп егіле жылады қыздың анасы.

Жоғалған қыз

Әйгерім Рысбек
Source: UGC

Еске салсақ, 23 ақпан күні сабақтан соң бейтаныс жігітпен кездескен Әйгерім Рысбек сол күйі үйіне қайтып оралмаған.

Жоғалған қыз

Әйгерім Рысбек
Source: UGC

2 000 жылы туған Н.С. есімді жігітпен VK әлеуметтік желісінде танысып, аз уақыттан соң Алматыдағы "Мерей" сауда үйінің маңында жолыққан. Алайда, Әйгерімнің ағасына жігіт қызды таксиге салып жібергенін айтқан.

Жоғалған қыз

Әйгерім Рысбек
Source: UGC

Содан бері Әйгерімнің не өлі, не тірі екенін білмейтін туыстары қыздың қайда екенін таппай отыр.

Кәмелетке толмаған қызбен кездескен жігіт болса, оның қайда екенін білмейтінін айтқан.

Жоғалған қыз

Әйгерім Рысбек
Source: UGC

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Материалды көшіру, тарату немесе өзге де мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
3
16
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel