RU
Жасөспірімді бақилық қылған қылмыскер түрмеде балдай тәтті өмірмен мақтанды
Жаңалықтар Әлемде

Жасөспірімді бақилық қылған қылмыскер түрмеде балдай тәтті өмірмен мақтанды

Рассказать Вконтакте

Лондон қаласының тұрғыны жас жеткіншекке төрт жерінен пышақ салып, бала өмірін қыршыннан қиған. Ол кезде қылмыскердің өзі 16 жаста болды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Белгілі болғандай, 14 жастағы жасөспірімді бақилық қылған қылмыскерді сот өмір бойына бас бостандығынан айырған. Алайда оның темір тор ар жағындағы өмірі жаман емес болып шықты.

Күні бүгін қылмыскер ұялы телефонды пайдаланып қана қоймай, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысына айналған. Түрмеде отырып тіпті желіге есірткіні қолданып тұрған сәтін жүктеуден мүлдем жасқанбайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

2008 жылы Лондон тұрғыны Диннеган Мартин есімді баланы өлтіргені үшін темір торға тоғытылған болатын. Себебі – жаман көзқараспен қарағаны деп түсіндірді қылмыскер. Бір топ жігіттерге қарап өтем деп басы бәлеге қалған жас жеткіншек қаша жөнеледі. Алайда құлап қалып, артынан алған пышақ жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болып кетті.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

2020 жылы 26 жастағы Джозеф Чин шартты түрдегі босатылу жайлы өтініш білдіруге ниетті болған. Енді оны босатпақ тұрып, жазасының үстіне тағы екі жыл қоспақшы. Темір тор артында ұялы телефонды пайдаланып, әлеуметтік желілерді белсенді қолданғаны үшін Джозеф өз жағдайын одан бетер қиындатқан.

Түрме басқармасы бұл оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Ал Джозеф Чиннің парақшалары интернет желісінен жойылғ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
2
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel