RU
Көкшетауда бесіктен белі шықпай жатып ана атанатындар көбейген
Жаңалықтар Қоғам

Көкшетауда бесіктен белі шықпай жатып ана атанатындар көбейген

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың жүкті болып қалу фактісі көбейген. Олардың көпшілігі қаладағы орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқиды деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көкшетауда оқушылар арасында ерте жүктілік көбейген

Көкшетауда оқушылар арасында ерте жүктілік көбейген

Былтыр қалада 15-18 жастағы қыздар арасында жүкті болудың 12 жағдайы тіркелген. Оның 7-уі колледж студенттері. Ерте жүкті болғандардың арасында мектептің жоғары сынып оқушылары да бар. Тіпті 10 жасар баланы күштеп жыныстық қатынасқа тарту фактісі де тіркелген.

Мамандар жасөспірімдер арасындағы жыныстық қатынасқа ерте түсуге ғаламтор мен жөн-жосықсыз шетелдік фильмдердің әсері күшті екенін айтаса, кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасқа ерте араласуы құқық қорғау органдарын да алаңдатып отыр.

"Алдағы уақытта колледж басшыларымен, оқытушыларымен тығыз жұмыс істеу қажет. Әсіресе, ауылдан қалаға оқуға келген жастарға қырағы көзқарас қажет", – дейді Көкшетау қалалық ювеналды полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры Әділбек Салықов.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
6
1
3
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір