RU
Араздасып қалған Алуа Қонарова мен Баян Алагөзова ел алдында құшақтаса жөнелді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Араздасып қалған Алуа Қонарова мен Баян Алагөзова ел алдында құшақтаса жөнелді

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзова мен Алуа Қонарованың айырылмастай құшақтасқан сәтін көрген көрермендер таңданысын жасыра алмады. Бұл «Сиситай» фильмінің көрсетілімінде болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Араздасып қалған Алуа Қонарова мен Баян Алакөзова ел алдында құшақтаса жөнелді

Араздасып қалған Алуа Қонарова мен Баян Алакөзова ел алдында құшақтаса жөнелді

Күні кеше Баян Мақсатқызының мюзикл жанрындағы «Сиситай» фильмі көрерменге жол тартты.

«Кей адамдарға менің фильмім ұнамауы мүмкін. Ол расымен жақсы түсірілді. Егер «Сиситай» көңіліңізден шықпаса, оны өзіңіз түсірмегендіктен ғана жақтырмайсыз. Себебі, мен өзіме ұнамайтын дүниені өзгеге көрсетпеймін», - деді ашылу салтанатында сөз алған Алагөзова.

Сондай-ақ продюсер әрбір жобада қыруар қаржы жұмсайтынын да айтты.

«Бір жаңа жоба үшін қанша қаражат жұмсалады. Қанша сабыр мен шыдамды қажет етеді. Сондықтан сапасыз дүниені жасамаймын», - деді ол.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызына қолдау білдірушілер арасында қос қызымен қатар шоу-бизнес өкілдері де жиналды.

«Алуа Қонаровамен қатынасымыз жақсы. Ол бүгін арнайы шақырылған қонақтар тізімінде бар», - деді продюсер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
0
1
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір