RU
Ләйлә Сұлтанқызы өзіне сөз бермеген журналисті орнына қойды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Ләйлә Сұлтанқызы өзіне сөз бермеген журналисті орнына қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "Атамекен" бизнес арнасында өткен сұхбат барысында сұрақтарын жаудырып, жауап беруге мүмкіндік қалдырмаған әріптесіне "реванш" жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Интернет желісіне тарап кеткен сұхбат үзіндісі көпшілік арасында үлкен талқыға түсті. Осыған орай, Ләйлә Сұлтанқызы да бағдарлама барысында орын алған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.

Танымал тележүргізуші отандық телеарнадағы "Басты тақырып" бағдарламасына арнайы қонақ ретінде шақырылған. Алайда, кітап жазу тақырыбы аясында еркін сұхбат күткен ол, мұндай агрессиялық формада шапшыған сұрақтар болады деп ойламаған-ды.

Бағдарлама жүргізушісі сұрақ қоюын қойып алып, жауап бермек болған Ләйлә Сұлтанқызына аузын ашуға мұрша бермеген. Әріптесінің бұл қылығын түсінбеген тележүргізуші, "Мені студияға ұрсып тастау үшін шақырған сияқтысыз ғой" деп қалжыңдады.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Өзінің Instagram парақшасына пост жариялаған тележүргізуші, осы мәселе төңірегінде тікелей эфир жүргізе алатын журналистердің тапшы екенін басып айтты. Оның ойынша, ерекшеленуге тырысатын жүргізушілер көп, журналистік этиканы ұстанатындар аз болса керек.

Әлеуметтік желіде қалдырған жазбасында Ләйлә ханым осы сұхбатқа қатысты оған міндетті түрде жауап қайтаратынын ескертті.

Оның айтуынша, "реванш" наурыз айының соңына жоспарланбақшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
9
3
0
2
12
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір