Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оскар – 2018" салтанатында сәтсіз образдарымен есте қалған кімдер?

Опубликовано:

Кино әлеміндегі басты марапат кезінде ең әдемі болып көрінуге әрбір жұлдызды қонақ тырысады. Алайда, барлығына бірдей мықты дизайнер мен керемет талғам бұйырмаған. Сонымен, 2018 жылы сәтсіз киім үлгісімен тарихта қалған жұлдыздарды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ назарларыңызға ұсынады.

Көрнекі сурет желіден алынды
Көрнекі сурет желіден алынды: UGC

№5: Николь Кидманның көкшіл түсті көйлегі. Белінен төмен аумағын тым ауқымды қылып көрсеткен көйлегі сән әлемі сыншыларының көңілінен шықпады.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

№4: St. Vincent және оның жалаңаш аяқтары. Шамалы ассиметриясы бар готика стиліндегі көйлекті таңдаған америкалық әнші ұзын көйлекті әріптестерінің қасында байқалмай қалды.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

№3: Вупи Голдберг және оның сәтсіз көйлегі. 62 жастағы актриса Вупи Голдберг кеудесі тым ашық көйлек таңдап қойып, оны қара іш киіммен жабуға тырысқан. Алайда сырт көзге көйлек пен іш киім түстерінің үйлеспегені бірден байқалды.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

№2: Испан бағытына екпін түсірген Сальма Хайек. 51 жастағы актриса өз тамырларын құрмет тұтып, испандық фламенко стиліндегі көйлекке таңдауын тоқтатқан. Алайда, сән әлемі сыншылары көйлектің стиліне де, оның түсіне де оң бағасын берген жоқ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

№1: Хелли Беннет және оның "қауырсынды" образы. Ерекшеленуге тырысқан Хелли тым асырып жібергені соншалық, сыншылар есебінен "Оскар" жүлдесінің ең сәтсіз образы атағына ие болды.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Америкалық шоу-бизнес тарихында көйлектерінің кесірінен ыңғайсыз жағдайға қалған жұлдыздар да болған.

№5: 2012 жылғы "Оскар" марапатында Дженнифер Лопестің көйлегі сымбатты денесін сәтсіз қылып көрсетті. Әсіресе кеудесінің табиғи сұлулығын көпшілікке көрсете алған жоқ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

№4: Дженнифер Лопестің жағдайына Мэрайя Кэри де тап болған. 2017 жылғы "Vanity Fair" мерекесінде көйлегі төсін сәтсіз қылып көрсетті. Әншінің жеке дизайнері үлкен қателікке бой алдырса керек.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

№3: Бланка Бланко 2017 жылғы "Оскар" кезінде денесінің көрсетпеуге тиіс болған тұстарын көйлегі жұрт назарына паш етті.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

№2: 2013 жылғы марапаттауға Энн Хэттэуэй ашық қызғылт түсті көйлек киіп келген. Көйлектің сәтсіз екені тек қызыл кілемге шыққанда байқалған. Фоторепортерлардың жарқылынан көйлек ішінен актрисаның төсі анық көрініп қалды.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

№1: 2015 жылы Эмма Стоунда суретке түсіп жатқан кезде көйлегінің құрылымы есінен шығып кетіп, дене сымбатын көпшілікке паш еткен.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1720359-oskar-2018-saltanatynda-stsiz-obrazdarymen-este-kalgan-kimder/

pixel