RU
Америкалық профессор қазақ тойында сағаттап тост айтатындарға таң қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Америкалық профессор қазақ тойында сағаттап тост айтатындарға таң қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Назарбаев университетінің профессоры, ғалым Габриэль Магуаер қазақтардың ұлан-асыр той жасап, сағаттап тост сөйлейтініне таң қалған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Америкалық профессор қазақ тойларында сағаттап тост айту дәстүріне таң қалған

Америкалық профессор қазақ тойларында сағаттап тост айту дәстүріне таң қалған

Ғалымның айтуынша, Америкадан Қазақстанға қоныс аударуының басты себебі – Астанадағы "Назарбаев" университетімен келісімшартқа отыруы екен. Профессор, елімізге, сондай-ақ, тұмса табиғатқа таңдадым дейді.

«Әу бастан бастап-ақ, менің таңдауым Қазақстанға түсті, өйткені, бұл елдің табиғаты өте көркем. Жалпы, сіздердің елдеріңізде осымен 6-шы жыл тұрып жатырмын, енді, келісімшарт бойынша тағы да 4 жыл университетте қызмет етуім керек. Сондықтан мені тұрғылықты астаналық деп қабылдасаңыздар да болады»,-деп күлді Габриэль Магуаер.

АҚШ-тан елімізге ат басын бұрған ол, әуеліде Алматыға келіпті. Түн уақыты болғандықтан, қаланың әсем келбетін бастапқыда байқамадым дейді ғалым.

«Негізінен, ең бірінші рет, қазақ еліне келгенімде, Алматыда болдым. Түнгі уақыт болатын, Алатауды көрмедім, тек ертесіне, таң атқанда ғана асқар тауларды көріп, таң-тамаша болдым. Бірақ, ол қалада көп аялдамадым, жұмыс бабымен Астанаға кеттім. Негізі, мен сіздердің мемлекеттеріңіздің барлық қалаларында болдым. Әзірге тек Қызылорда мен Оралды көре алмадым.
"Қай қала бәрінен бұрын ұнаттыңыз?" деген сұрағыңыз қиын да болса жауап берейін, Түркістан, Тараз, Алматы шығар. Әсіресе, Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» мавзолейіне әр қазақстандық баруы тиіс деп есептеймін. Сол сияқты Өскемен мұражайы да ерекше әсер қалдырды, себебі онда 19 ғасырлардан қалған көне жәдігерлер бар. Маңғыстау өңіріне барғанда да америкалық каньондар сияқты әдемі табиғаттың куәсі болдым.
Айтпақшы, қазақ елінің ұлттық тағамдарының да дәмі тіл үйіреді. Бірде, оңтүстіктегі қалалардың бірінде маған қой етін қазанда асып, дәмді етіп даярлап берді. Сол дәм әлі күнге дейін естен кеткен емес»,-деп ағынан жарылды ғалым.
Америкалық профессор қазақ тойларында сағаттап тост айту дәстүріне таң қалған

Америкалық профессор қазақ тойларында сағаттап тост айту дәстүріне таң қалған

Сонымен бірге, ол наурыз мерекесін ерекше құрметтейтінін атап өтті.

«Наурыз – өте керемет мейрам, әсіресе, көктемнің басы, жылылық пен ізеттеліктің мерекесі десем артық айтпаспын. Наурыз мерекесінен кейін, Астанада да күн райы біршама жылынады, сонысы да қызық»,-дейді шетелдік мейман.

Ғалым америкалық той мен қазақ тойларының ерекшеліктеріне де тоқталып өтті. Айтуынша, АҚШ тойында жас жұбайлардың ата-аналары мен жақын досы ғана сөз сөйлейді екен. Ал, қазақтар тілек айтудан алдына жан салмайтын көрінеді дейді ұстаз.

«Расымен де, 2-3 сағат тост сөйлейтін қонақтарды көріп, таң қалдым. Әрине, оның еш сөкеттігі жоқ, басында біраз түсінбегенім рас. Қазір, оған да үйрендік. Егер жас отбасының туған-туыстары керемет естеліктерді еске алып, ақжарма тілектерін арнап жатса, оның несі айып?»,-дейді Габриэль Магуаер.

Ал, Тараз ауылдарының біріне барған сапарында, профессор сыртта асыр салып ойнап жүрген балаларды көріп тіптен таң қалыпты. Америкада мұндайды ешқашан көрмейсіз дейді ғалым.

«Қазақ халқы өте көпшіл, қонақжай. Мысалы, Тараз қаласына жақын ауылға барғанымызда көрші үйдің балалары бір-бірімен ойнап, бір отбасының баласында жүргенін көріп таң қалдым. АҚШ-та ондай дәстүр жоқ, ата-аналар балаларын бейтаныс жеткіншектермен ойнатпайды»,-деп ағынан жарылды Назарбаев университетінің ұстазы.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ассистент-профессоры, әдебиет пәнінен дәріс оқиды. Ғалым қазақ жазушыларынан Мұхтар Әуезов пен Мұхтар Мағауинның туындыларымен таныс екенін жасырмады. «Әрине, қазақ әдебиеті – өте бай мұра. Бірақ, солардың ішінде Әуезов пен Мағауинді ерекше атап өткім келеді, еңбектері ғажап»,-деді профессор.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
3
27
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel