RU
Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі өтетін күн анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегі өтетін күн анықталды

Рассказать Вконтакте

Бокстан әлем және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы тұңғыш кездесуі 28 сәуір күні өтеді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Данияр Елеусінов. Фото: sputniknews.kz

Данияр Елеусінов. Фото: sputniknews.kz

Олимпиада ойындары аяқталған соң, Елеусінов өзінің АҚШ-қа кетіп, кәсіби бокста бақ сынайтынын айтқан болатын. Алайда, боксшының нақты қайда және кімнің қол астында жаттығатыны белгісіз күйінде қалды.

Бүгін Астанада баспасөз мәслихатын өткізген Boxing Star LLC менеджерлік компаниясының өкілі Зия Алиев Елеусіновтің кәсіби боксқа ауысқанын айтты.

«Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін Нью-Йоркта 28 сәуір күні өткізеді. Ол бокс кешінің ең басты кездесуінде Дэниеэл Джейкобс шығуы керек. Ал Даниярдың екінші кездесуін 2 маусым күні Лондонда өткізу жоспарланған», - деді Зия Алиев.

Әзірге, Даниярдың қарсыласы кім екені белгісіз. Сондай-ақ, біздің боксшы әлемге танымал промоутер Эдди Хирннің қол астына өтті. Эдди Хирн бүгінге дейін Энтони Джошуа, Райан Барнет және Келл Брук сынды боксшылардың жұлдызын жаққан болатын.

Бүгінде Данияр Елеусіновтің лақап аты таңдалуыда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel