Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лениннің басын доп қылып ойнаған үнділіктер әлем назарын аударды (видео)

Опубликовано:

Трипура үнді штатында «Бхаратия джаната парти» атты ұлттық партия жақтаушылары Белония қаласындағы Владимир Ленин ескерткішін бұзып тастады деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Куәгерлердің айтуынша, экскаватор көмегімен ескерткішті жерге құлатқан соң, одан басы ажырап кеткен көрінеді. Үнді партия жақтаушылары құлап кеткен ескерткіш басымен футбол ойнауға кіріскен.

Үнді Коммунистік партиясының өкілі өз кезегінде, ұлттық партия мүшелерінің бұл әрекетін коммунсттік фобия деп санайтынын айтып, билік өкілдерін болып жатқан оқиғаларға уақытылы әсер етуге шақырды.

Коммунистік партия жақтаушылары болса әлеуметтік желілерге коммунизмге қолдау жазбаларын жарысып қалдырып жатыр. Олардың айтуынша, Ленин ескерткішін бұзғаныолар ұлы тұлғаны жүректен алып тастауға қауқарлары жоқ.

Ескерткішті бұзу Үнді шататында өткен сайлауға толық қатысы бар. Сайлау нәтижесіне байланысты «Бхаратия джаната парти» Коммунистік партиядан дауыс есебінен асып түскен. Айта кетейік, Коммунистік партия Трипура шататында 25 жыл бойы билік басында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720393-leninni-basyn-dop-kylyp-ojnagan-ndilikter-lem-nazaryn-audardy-video/

pixel