RU
Сүйіктісіне алып экран арқылы ұсыныс жасаған астаналық жігіт елді тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Сүйіктісіне алып экран арқылы ұсыныс жасаған астаналық жігіт елді тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Кеше Астанадағы «Қазмедиа» орталығының алып экранынан бейнеролик көрсетіп, сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысты ерекше жасаған азамат астаналықтарды таң қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Сүйіктісіне алып лэд-экран арқылы ұсыныс жасаған астаналық жігіт көпшілікті сүйсінтті

Сүйіктісіне алып лэд-экран арқылы ұсыныс жасаған астаналық жігіт көпшілікті сүйсінтті

Осыдан екі жыл бұрын әлеуметтік желі арқылы танысып, таныстықтары үлкен махаббатқа ұласқан қос жұп өздерінің махаббат хикаяларымен бөлісті.

«Жазда тамыз айында VK әлеуметтік желісін әдеттегідей тамашалап отырған едім. Дилараның парақшасына көріп, оған дос болу туралы ұсыныс жібердім. Осылайша танысып, кейін бір-бірімізді жақынырақ тани бастадық. Екі жылдай жүрдік, енді міне, үйлену туралы ұсыныс жасадым.
Негізі, ерекше ұсыныс айтуды бұрыннан жоспарлап жүргенмін. Алғашында "Movie room-да" жасамақ болдым, бірақ, досымның кеңесіне құлақ түріп, осылай лэд-экран арқылы ұсыныс жасадым»,- дейді астаналық Олжас Дамбулов.
  • Ал Олжастың болашақ жары Дилара Темір болса, сүйіктісінің осылай үйлену туралы ұсыныс жасауы тосын сый болды дейді.
Сүйіктісіне алып лэд-экран арқылы ұсыныс жасаған астаналық жігіт көпшілікті сүйсінтті

Сүйіктісіне алып лэд-экран арқылы ұсыныс жасаған астаналық жігіт көпшілікті сүйсінтті

"Шынымен де мен үшін күтпеген жағдай болды. Алдында бірнеше рет «достарымның жұмыстарымен жүрмін» деген еді. Сөйтсек, осы тосын сыйға дайындалған екен. Бұған дейін ерекше ұсыныс жайлы еститінмін, бірақ маған да дәл осындай ұсыныс жасайды деп ойлаған емеспін, қуаныштан көзіме жас келгенін де жасырмаймын", - дейді бойжеткен.

Жастардың ендігі арманы үлгілі отбасы атанып, ата-аналарының сенімін ақтау болып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
1
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір