RU
Билікте "крышасы" жоқ ақтөбелік шенді басшылық қызметтен кетпекші
Жаңалықтар Қоғам

Билікте "крышасы" жоқ ақтөбелік шенді басшылық қызметтен кетпекші

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде елбасының өзі ашылуына қатысқан "Өнер орталығының" басшысы Елубай Кенжалы өз еркімен қызметінен кету жөнінде арыз жазды деп хабарлайды "Тілшіге" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Билікте "крышасы" жоқ ақтөбелік шенді басшылық қызметтен кетпекші

Билікте "крышасы" жоқ ақтөбелік шенді басшылық қызметтен кетпекші

Орталық жетекшісі мұндай қадамға тек өнер адамдарына ғана аян себептермен барып отырғанын жеткізді.

«Ұжымның бұрынғы және қазіргі 4-5 адамы арыз жазды екен деп кетіп жатқан жоқпын. Бәлкім олардың қолымен мені алып тастағысы келіп отырғандар бар шығар. Сондықтан, өз еркіммен қызметтен кету жөнінде арыз жаздым. Шешімді облыс басшысы қабылдайды», — деп қысқа қайырды Елубай Кенжалы «Тілшіге» берген сұхбатында.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева құқық қорғау органдары тарапынан тексеру жүріп жатқанын жоққа шығармады.

«Біздің ұжымның атына бірде-бір алғыссөз айтылмапты. Жоспарды артығымен орындап келеміз. Ақтөбеде республиклаық деңгейде көптеген шара өтіп жатыр. Барлығының басы-қасында жүгіріп жүргенімізде бір ауыз жылы сөзді көбіне Бердібек Сапарбаевтан ғана естиміз. Әр шараның соңында қасымызға келіп, рахметін айтып кетеді», — дейді Елубай Кенжалы.

Өз кезегінде, редакцияға хабарласқан өнер адамдары Елубай Кенжалының билікте еш «крышасы» жоқтығын, тек адал еңбегімен, еңбекқорлығымен жүргенін жеткізді.

Олардың пайымынша, Өнер орталығы басшысының қызметі бәзбіреулерге керек болуы мүмкін.

«Керек десеңіз, Елубай жұмыс деп күні-түні жүгіріп жүрген бірден-бір жанашыр азамат. Тіпті, билікте «крышасы» түгілі, жеке баспанасы да жоқ. Білуімізше, ол әлі күнге дейін қызметтік пәтерде тұрып келеді. Балаларының алды 18-20-ға келіп қалды», — деп жазады ақтөбелік өнер адамдары.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
6
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel