RU
ОҚО тұрғыны мереке қарсаңында үшемді дүниеге әкелді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО тұрғыны мереке қарсаңында үшемді дүниеге әкелді (фото)

Рассказать Вконтакте

8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласындағы облыстық перинаталды орталықта өмірге үшем келді: екі қыз, бір ұл деп жазады Оңтүстік Қазақстан басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО тұрғыны

Балалардың анасы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл окуругіне қарасты Қызылсеңгір елдімекенінің тұрғыны - Меруерт Айтматова. 31 жастағы келіншек сәбилерінің салмақтары әртүрлі екенін айтады. Бейбарыс – 3200, Іңкәр – 2400, Кәусар 1800 грамм болып туылыпты.

Үшемнің әкесі Бауыржан Лесбаев «Қызылсеңгір» жалпы орта мектебінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал, Меруерт химия пәнінен дәріс береді. Олардың үшемнен өзге Дінмұхаммед есімді 7 жасар ұлы мен Інжу есімді 4 жасар қызы бар.

"Қазір нәрестелеріме жоғары санатты балалар дәрігері Ұлшан Мұратова мен мейірбике Дільфуза Қоржынбаева қарауда. Сонымен қатар, облыстық перинаталды орталық дәрігері Әбдісаттар Құралұлы мен Қазығұрт ауданындағы орталық емхананың жоғары санатты дәрігері Ұлданай Сейілхановаға да айтар алғысым шексіз, -- дейді Меруерт.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір