RU
Жан Ахмадиев байығанда "свежий" қыз іздейтін ерлерді сынап тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жан Ахмадиев байығанда "свежий" қыз іздейтін ерлерді сынап тастады

Рассказать Вконтакте

Белгілі рэпер, «Қазақпыз ғой» бейнеклиптерінің авторы әрі орындаушысы Жан Ахмадиев байыса жас қыз алып, әйелдердің қадірін білмей кететін ерлерді сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жан Ахмадиев «байыса жас қыз алып», әйелдің қадірін түсінбейтін ерлерді сынап тастады

Жан Ахмадиев «байыса жас қыз алып», әйелдің қадірін түсінбейтін ерлерді сынап тастады

Рэпер бұл ойын өзінің Instagram парақшасында жазған. Онда Жан «алыстан арман іздеп, қасындағымыздың қадірін түсінбейміз» деген.

«Бір досым әйелінің номерін «тегін қатын» деп сақтап қойыпты. Айтайын дегенім, неге біз жігіттер алыстан арман іздеп, қасындағымыздың қадірін түсінбейміз? Жанымыз қиналса жарымызды іздейміз, кішкене байып жатсақ жас қыздарға іздеу саламыз. Неге десе «күнде лағман жеп шаршадым, енді манты жейік те» немесе «ой, үйдегі жеңгең ескіріп барады, свежий қыздарға бару керек деп қоямыз. Әрқашан ақталуға дайын тұрамыз.
Еркектің дәрежесі биік, қатын қара жермен тең, әйел еркектің қабырғасынан жаралған деп алып, байғұстарды сүйегі сынғанша ұрамыз. Құрметті еркексымақтар, сендердің қабырғаларыңды сындырып тастаса қалай болады екен?... Сен де қартаясың, сол кезде сенің қасыңнан табылатын «свежий» қатындар емес, сол баяғы үйде ескіріп кеткен кемпірің ғой. Есте болсын, уақыт өткен сайын «антиквариаттың» (ескі бұйымдардың) бағасы көтеріле береді»,-деп пікір қалдырған рэпер.

Желі қолданушылары «жарайсың, жақсы пікір, дөп түстің» деген сияқты пікірлер қалдырып, "көзге шөп салу сияқты ерсі әрекеттердің түбі жақсылыққа апармайтынын" жазған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
2
31
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір