RU
Атыраулық дәрігерлер шиенің иісі бар сапалы мүшеқап іздеп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулық дәрігерлер шиенің иісі бар сапалы мүшеқап іздеп жатыр

Рассказать Вконтакте

Шие иісті мүшеқап сатып алатындарын жариялаған атыраулық дәрігерлердің әрекеті жұртты елең еткізді. Қала маңындағы Геолог ауылының емханасы мемлекеттік сатып алу-сату сайтында осындай хабарлама орналастырған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атыраулық дәрігерлер шиенің иісі бар мүшеқап іздеп жатыр

Атыраулық дәрігерлер шиенің иісі бар мүшеқап іздеп жатыр

Онда емхана басшылығы өздеріне латекстен жасалған 1000 дана мүшеқаптың әрқайсысын 40 теңгеден аламыз деп көрсеткен. Бірақ, неге екені белгісіз, оның шие иісімен болуы керектігі атап көрсетілген.

Ал дәрігерлер мұнда тұрған ештеңе жоқ дейді. Өйткені, осы уақытқа дейін алып келген мүшеқаптары арзан болғандықтан, «жұмыс үстінде» жыртылып кетіп, талай рет ыңғайсыз жағдайға тап болған.

Нақтырақ айтқанда, бұл зат тарнсвагиналды ультрадыбысты зерттеулер кезінде қолданылады. Ал, табиғи латекстен жасалып, әрі жеміс-жидектің иісін беретін мүшеқаптар сапалы болғандықтан таңдау осыған түсіпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
8
8
2
2
21
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel