RU
Үкіметтің екі бірдей отырысында да шенеуніктер қазақша сайраған
Жаңалықтар Саясат және экономика

Үкіметтің екі бірдей отырысында да шенеуніктер қазақша сайраған

Рассказать Вконтакте

Үкіметтің екі отырысы да таза қазақ тілінде өтті. Бүгін мінберге шыққан министрлер баяндамаларын бастан-аяқ қазақ тілінде әзірлеп келген. Тікелей президентке бағынатын ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі де мемлекеттік тілде сөйледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.

Үкіметтің екі бірдей отырысы да таза қазақ тілінде өтті

Үкіметтің екі бірдей отырысы да таза қазақ тілінде өтті

Президенттің тапсырмасынан кейін үкімет мүшелері бүгін де бір-бірімен қазақша сөйлесті. Отырыста сөз бастаған премьер-министр баяндамасын толық мемлекеттік тілде айтып шықты.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев баяндамасын бастан-аяқ қазақша жасады. Облыс басшылары мен Алматы әкімі де таза қазақша сөйледі.

Басылым тілшісінің жазуынша, бұл жолы ұлттық қауіпсіздік комитеті де таңғалдырған. Комитет төрағасының орынбасары Білісбеков тілін сындырып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы алдағы бес жылда не жасалатынын қазақша айтып берді.

Отырыста тек Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов қана қысқаша орыс тілінде сөйлеген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
1
31
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір