RU
Шри-Ланкада мұсылмандар мен буддашылар арасындағы жағдай ушығып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Шри-Ланкада мұсылмандар мен буддашылар арасындағы жағдай ушығып кетті

Рассказать Вконтакте

Шри-Ланка билігі елдегі буддашылар мен мұсылмандардың қақтығысуы салдарынан төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды деп хабарлайды Al Jazeera-ға сілтеме жасаған interfax.ru.

Фото: phototraveling.ru

Фото: phototraveling.ru

Үкімет екі дін өкілдерінің арасында дау тудырған және жағдайды ушықтарған жандарға шектеу қойып, оларға қатаң жаза қолданбақшы.

Еске салсақ, 5 наурыз күні Шри-Ланканың Канди қаласында тәртіпсіздік салдарынан коменданттық сағат енгізілген еді.

Екі дін өкілдерінің арасындағы қақтығыс соңғы жылдары ушығып кеткен. Оған себеп, жергілікті жердегі мұсылмандар халықты ислам дінін қабылдауға күштеп, буддашылардың археологиялық ескерткіштерін қиратуы деп жазады басылым.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
6
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel