RU
Тойдағы ерсі биімен жаға ұстатқан жұп көпшіліктің талқысына түсті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Тойдағы ерсі биімен жаға ұстатқан жұп көпшіліктің талқысына түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде пайда болған тойдағы ересектердің ұятсыз биі елдің қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Facebook желісінде жарияланған видеода ересек әйел мен еркек ерсі қимылдар көрсетіп, есін жоғалта билеген. Олар бір-бірін құшақтап, үстеріне шығып, түрлі қылықтар жасайды.

Ал той қонақтары болса, оларды қызықтап, қол шапалақтап, қарап отыр.

Осыны көрген желі қолданушылары жағымсыз пікірлерді жарыса жазуда.

Кажым Куралбаев: "Арақ құйылған тойда мұндай қылықтар жалғаса бермек"

Бахыт Естаева: "Бұрын осылай болды ма? Əлде осылар интернетпен бірге келді ме?"

Аманғали Кенжеғұлов: "Құнанбай бабамыз секілді жазаласа, яғни таспен атса, бәрі де "тыныш" жүрер еді шіркін", - деп пікір білдірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
82
9
7
6
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel