RU
Баласы көп болғанын армандаған жігіт бір дегенде 19 сәбидің әкесі атанды
Жаңалықтар Әлемде

Баласы көп болғанын армандаған жігіт бір дегенде 19 сәбидің әкесі атанды

Рассказать Вконтакте

28 жастағы жапон жігіт Мицутоки Шигета суррогат аналардан туылған 19 баланың әкесі болса да, заңды түрде тек 16 балаға әке болу құқығын иеленген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

Cот ісі үш жыл уақытқа созылған. 2014 жылы Бангок қаласындағы қымбат пәтерде табылған 9 баланың әкесі Шигета екенін Тайланд полициясы ДНК нәтижесі арқылы анықтаған болатын. Соған орай, жапон жігіт «бала зауытына» қатысты үлкен дауға тап болды.

Белгілі болғандай, бүлдіршіндер күні-түні өздерінің күтушілерінің бақылауында болған. Олардың жасы екі аптадан – екі жыл арасында екен. Оған қоса, "көпбалалы әкенің" тағы да төрт баласы анықталған.
Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

Тергеу барысында көп баланың әкесі болуды армандаған бойдақ жігіттің ауқатты адамның ұлы екені мәлім болды.

Әке бақытын молынан сезінгісі келген жігіт үйленуге асықпайтын көрінеді. Үндістан мен Тайландтағы суррогат аналар оған жалпы алғанда 19 бала туып берген. Бала саны 19-ға жете сала, оны әкелік құқықтан айырып қана қоймай, адамдар саудасымен айналыспақшы деп айыптай бастайды.

Тайландтағы 13 баласы мемлекет қамқорлығына өте сала, Жапонияға қайтып кеткен Шигета тай сотына шағым түсірген.
Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua
Source: UGC

Сот барысында көпбалалы әке бұл балалардың барлығын асырап жеткізуге жағдайы қауқарлы, қалтасы қалың екенін дәлелдеді. Нәтижесінде сот оған балаларын Жаонияға алып қайтуға рұқсат берген.

Жапониядағы үйлерінде балақайларды бір топ күтуші мен медбикелер күтіп отыр.

Ақпарат құралдарының айтуынша, бірнеше компаниялардың басшылығында отырған Мицутоки өз мұрагерлеріне арнайы қор ашып қойған.

Сіздің реакцияңыз
0
3
3
0
2
21
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel