RU
"Әбден тойынған": Қағаз ақшамен аяқ киім сүрткен оқушылар жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтар Қоғам

"Әбден тойынған": Қағаз ақшамен аяқ киім сүрткен оқушылар жұрттың ашуына тиді

Рассказать Вконтакте

Мектеп оқушыларының ұлттық банкнотамен аяқ киімдерін сүртіп, кейіннен ақшаны жерге тастаған видеосы Қазнет қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет желіден алынды

Көрнекі сурет желіден алынды

Айтулы видеожазба Instagram желісіндегі zhest_kz парақшасында жарияланған.

Болжам бойынша, оқушылардың бұл әрекеті мектептегі кабинетте іске асқан көрінеді.

Екі бала алдымен 200 теңгені алып онымен аяқ киімдерін тазалауға кіріседі. Артынан 500, 1000, 2000 және тіпті 5000 теңге алып пасық әрекеттерін жалғастырды.

Видеоны көрген көпшілік бұл әрекетке қарсы пікірлерін жаудырып жатыр.

Кейбіреулері тіпті бұл видеожазба үшін жауапкершілікке тартып, бұзық оқушыларды жазасыз қалдырмау керек дейді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
39
4
3
2
2
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір