RU
БҚО-да апалы-сіңлілі қыздарды көрші үйдің қабаған иті талап тастаған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

БҚО-да апалы-сіңлілі қыздарды көрші үйдің қабаған иті талап тастаған (фото)

Рассказать Вконтакте

БҚО-да бір үйдің қос бірдей қызын қаладан қайтып бара жатқан уақытта көршісінің иті талап тастап, жеткіншектер ауруханадан бір-ақ шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

БҚО-да қос бірдей жеткіншекті тағы да ит талап тастады (фото)

БҚО-да қос бірдей жеткіншекті тағы да ит талап тастады (фото)

Жасөспірімдердің анасы Надежда Жұмағазиева қыздарын көрші үйдің иті талап тастаған айтты.

«Демалыс күні екі қызым да әдеттегідей қаладан қайтып келе жатыр еді. Үлкенімнің жасы -14-те, екіншісі - бесте. Кенеттен ойламаған жерден ротвейлер тұқымдас ит тап болып, ол 5 жастағы қызымның бетінен шап берген. Көрсеңіз, шошисыз, әлгі ит кіші қызымның сыртқы киімінің сау-тамтығын қалдырмаған, жұлмалап тастаған.
Үлкенім кішісіне араша түсемін дегені сол екен, құтырған ит оған да шабуылдап, қолын қауып алған. Балаларымды көшеде өтіп бара жатқан бейтаныс адамдар әлгі иттен әрең дегенде арашалап қалған. Олар сол жерде жедел-жәрдем шақырып, балапандарымды ауруханаға жатқыздық», - дейді анасы.

Дәрігерлер 5 жасар қыздың бетіндегі жараны тігіп, құтырма ауруына қарсы екпе еккен.

«Қазір, құдайға шүкір, қызымыз үйде, бірақ бетіндегі тыртықты көріп жүрегім ауырады. Иттерді көрсе шошиды, солқ-солқ жылайды. Енді тез арада ем алу үшін Алматыға аттанбақпыз. Жолдасым болған жайтты естігенде, әлгі итті өзім атамын деп қанша рет оқталды. Әрең дегенде тыныштандырдық», - деп оқиғаны әңгімелеп берді Надежда Жұмағазиева.
БҚО-да қос бірдей жеткіншекті көрші үйдің қабаған иті талап тастаған (фото)

БҚО-да қос бірдей жеткіншекті көрші үйдің қабаған иті талап тастаған (фото)

Өкініштісі, ит иесі тек 20 АЕК көрсеткіш көлеміндегі айыппұл төлеп құтылған. Сонымен бірге, жәбір көрген қыздардың анасы қазіргі таңда иесіз жүрген иттердің көбейіп кеткендігін айтты.

«Неге осы сияқты алып иттерді далаға тек шынжырмен шығуына рұқсат беретін заң шығармасқа? Осыдан екі жыл бұрын ғана біздәң ауданда тағы бір осындай сұмдық жағдай орын алған еді. Ол кезде үлкен овчарка кішкентай қыздың құлағының сау-тамтығын қалдырмай, шайнап тастаған-ды. Сол кезде де ит қожайыны айыппұл төлеп құтылған», - деп күйінді оралдық тұрғын.

Ал ит иесі болса қыздардың ата-анасына көмектескісі келгенін, алайда олар одан бас тартқанын мәлімдеді.

«Иә, итім қыздарды талап тастады, кінәмді мойындаймын, негізі Золли (иттің аты) үнемі қамауда отырады, сол күні ол аулаға серуендеуге шыққан. Мен ауладан шыға бергенім сол еді, біреулер сыртқы қақпаның есігін ашып жіберіпті. Сол кезде ит қыздарды талап үлгерген», - дейді ит иесі.

Алып иттің қожайыны, сондай-ақ, «қыздарды шипажайға апарып, емдеткісі келгенімен», қыздардың ата-анасы ол көмектен бас тартқанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel