RU
Қарағандыда қатты жел кесірінен ер адамның үстіне шатыр құлап кетті (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда қатты жел кесірінен ер адамның үстіне шатыр құлап кетті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағандыдағы Пришахтинск шағын ауданында қатты соққан жел үй шатырын ұшырып кетті. Нәтижесінде бір адам зардап шеккен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сірет желіден алынды

Көрнекі сірет желіден алынды

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген фото және видеожазбалар пайда болған. Жүктелген суреттер арқылы үй шатырының ер азаматты қатты зақымдағанын бірден аңғаруға болады.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам есінен айырылып, біраз уақыттан соң өз-өзіне келе бастаған.

"Оны шатыр астынан шығарғанда ғана есін жиды. Басының бәрі қан болған. Алайда, шок пен алкогольді күйінің әсерінен болар, дәрігерлерді күтпестен үйіне кетіп қалды", - дейді куәгерлердің бірі.
Көрнекі сірет желіден алынды

Көрнекі сірет желіден алынды

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті үй шатырының ажырауы 40 шаршы метр аумағында болғанын растады. Оған қоса, жақын арада Қарағанды облысындағы жел екпіні секундына 30 секундқа жетуі әбден мүмкін екенін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel