RU
"Болды, бітті...": Ресейде құлаған ұшақ пилоттарының соңғы сөздері жарияланды
Жаңалықтар Әлемде

"Болды, бітті...": Ресейде құлаған ұшақ пилоттарының соңғы сөздері жарияланды

Рассказать Вконтакте

Санкт-Петербургтың «78» телеарнасы өткен айда Мәскеу түбінде құлаған Ан-148 ұшағы пилоттарының соңғы сөздерін жариялады. Телеарна мәліметінше, апат алдындағы 1 минут таспаға жазылып алынған деп жазады Sn.kz.

"Болды, бітті...": Ресейде құлаған ұшақ пилоттарының соңғы сөздері жарияланды

"Болды, бітті...": Ресейде құлаған ұшақ пилоттарының соңғы сөздері жарияланды

Таспаны шифрлеген мамандар әуе кемесінің командирі мен екінші пилоттың арасында келіспеушіліктің болғанын анықтаған.

Олар алдымен ұшақ жылдамдығын қалыпқа келтіру бойынша дауласыпты. Ал, қалыпқа келтіргеннен кейін екінші пилот қателесіп, салдарынан лайнер апатқа ұшыраған.

"Командир: Куда вниз-то?! Куда ты вниз? Зачем вниз?! Куда?!

АВТОИНФОРМАТОР: Скорость сравнить, скорость сравнить.

Екінші пилот: Да потому что, что хорош ******* («врать»), 200 скорость, ***** («продажная женщина»)!

Командир: Высота! Высота! Высота!

АВТОИНФОРМАТОР: Terrain ahead! Terrain ahead! PULL UP! Terrain ahead! («Впереди земля! Наберите высоту! Впереди земля!»)

Командир: Вверх!

АВТОИНФОРМАТОР: Terrain ahead! Terrain ahead! PULL UP! Terrain ahead!

Командир: Все, ****** («конец»)".

«78» телеарнасының мәліметінше, командир мен екінші пилоттың жылдамдық көрсеткіштері екі түрлі цифрларды көрсеткен. Өйткені, екінші пилот құрылғыларды жылыту аппаратын қосуды ұмытып кетіпті.

Ұшақ жылдамдығын жоғалта бастағанда ол абдырап қалып, лайнерді жоғарыға емес, төменге қарата құлдилатқан.

Еске салайық, 11 ақпанда Ан-148 ұшағы Мәскеудің Домодедово әуежайынан ұшып шығып, алысқа ұзамай апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан 71 адам қаза тапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
10
42
5
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel