Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Шық бермес шығайбай» жігіттер 8 наурыз алдында қандай қулыққа барады?

Опубликовано:

8 наурыз халықаралық әйелдер күні жақындағанда ерлер қауымының да аруларға қандай сыйлық жасаймыз деп әбігерге түсетіні белгілі. Десе де, қалтасын жұқартпаймын деген «шық бермес шығайбай» жігіттер нәзік жандыларға сый жасамас үшін түрлі әдіс ойлап тауып жатады. NUR.KZ назарлараңызға осындай «қитұрқы амал-әдістерді» ұсынады.

Жігіттер 8-наурыз алдында қандай қулықтарға барады?
Жігіттер 8-наурыз алдында қандай қулықтарға барады?: UGC

1) Айлакер жігіттер, әсіресе, мейрам алдында әдейі сөзге келіп, сүйіктісімен ұрысып қалып жатады. Сондағы бар ойлары, екеуінің дәм-тұздары жараспай, бір-бірімен біраз уақыт араласпай жүрсе, аталған мейрамнан да «сыйлықсыз, қандай да бір шығынсыз» құтылып кету екен.

2) Ал іссапарға жиі шығып, жұмысбасты жандар үшін алыс сапарға шығып, мерекеде «ізім-ғайып» жоқ болу – сыйлық әпермеудің тамаша мүмкіндігі. Әрине, әккі жігіттер бұл мүмкіндікті құр жібермей, басқа қалаға тайып тұратыны анық.

3) Сол сияқты ауылдағы ата-анасына немесе туған-туысына қандай да бір сылтаумен кетіп қалатын ер-азаматтар да бар. Ондайлар «той, туыстарыма көмектесемін немесе ата-анам сырқаттанып қалды» деген түрлі желеу айтуы мүмкін.

4) Ал дәл сол күні жүрегінің талмасы ұстап немесе тұмауратып қалған азаматтарға тіпті айтар сөз болмайтыны анық. Олар «ауырып тұрмын» деп сүйіктісін телефонмен құттықтап, сыйлық әпермей құтылып кетуі әбден мүмкін.

5) Ер адамдар көліксіз жүрмейтіндіктен, кейбірі «темір тұлпарым сынып қалды немесе апатқа ұшырадық, тіпті, МАИ қызметкерлері ұстап алды» деуден тайынбайды. Сондықтан, нәзік жандыларға әлгіндей сылтау айтатын азаматтардан сақ болған абзал.

Әрине, жылына бір рет болатын көктемнің шуақты мерекесінде аруларыңызға қымбат сыйлық жасамасаңыз да, жылы лебіздеріңізді айтып, құттықтауды ұмытпаған жөн.

Бойжеткендер оны ұмытпай, ер-азаматтарға жасаған жақсылықтарын еселеп қайтаратыны анық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1720462-syk-bermes-sygajbaj-zigitter-8-nauryz-aldynda-kandaj-kulykka-barady/

pixel