RU
Әскерде бірге жүрген жігітті орындықпен ұрған сарбаз 4 жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Әскерде бірге жүрген жігітті орындықпен ұрған сарбаз 4 жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтау гарнизоны әскери сотында жолдас сарбазды орындықпен басынан ұрған әскери қызметкерге үкім шығарылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әскерде бірге жүрген жігітті орындықпен ұрған сарбазға үкім шықты

Әскерде бірге жүрген жігітті орындықпен ұрған сарбазға үкім шықты
Source: UGC

Істің материалдары бойынша, былтыр қараша айында қатардағы сарбаз А. кешкі тексеруге дайындалып жатқан.

Ол өз төсегінің қасында тұрғанда онымен бірге әскери борышын өтеп жүрген екінші сарбаз қасынан өте беріп, ағаш орындықпен басынан бір салады. Содан кейін жұдырығымен басынан бірнеше рет соққы жасаған.

Соққыға жығылған сарбаз Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізіліп, желтоқсанда ғана есін жинапты. Оқиға бұдан бұрын сарбаздар арасында болған кикілжіңнен болған көрінеді.

Ақтау гарнизоны әскери соты үкімімен Ж. айыпты деп танылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
3
6
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel