RU
Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адам қаза тапты
Жаңалықтар Әлемде

Сирияда ресейлік ұшақ апатқа ұшырап, 32 адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Сирияда ресейлік Ан-26 жүк ұшағы апатқа ұшырап, 32 адамның қаза болғанын мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото retrovtap.ru сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото retrovtap.ru сайтынан алынды

Ведомствоның хабарлауынша, әуе кемесі ұшып-қону айлағына 500 метр қалғанда жерге құлаған.

Ал ұшақ бортында 26 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Алдын-ала мәліметке сүйенсек олардың барлығы да қаза тапқан.

Сонымен қатар ведомстводағылар ұшаққа оқ атылмағанын айтады.

Қазір Қорғаныс министрлігі әуе апатының неден болғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрған.

Алдын-ала болжам бойынша, ұшақ апаты техникалық ақау салдарынан болуы мүмкін.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
3
13
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір