Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да жас жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарып берді

Опубликовано:

Оңтүстік Қазақстан облысында 6 млн теңгені тауып алған жігіт оны иесіне қайтарған. Өзі балалар үйінде өскен Самат Бекебаев осылайша жалғызбасты анаға қайырымдылық танытқан деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да жас жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарып берген
ОҚО-да жас жігіт тауып алған 6 млн теңгесін иесіне қайтарып берген: UGC

Белгілі болғандай Әйгерім есімді әжей 6 млн теңгеге үйін сатып, ол ақшаны қалаға алып бара жатқан жолда жоғалтып қойған.

Ал қомақты қаржыны тауып алған жас жігіт сол күні Шардара ауданынан қайтып келе жатқан екен. Таксиге мінгенде Әйгерім есімді әйел отырған. Екеуі жол бойы әңгімелесіп келеді. Шымкентке жеткенде әжей түсіп қалыпты.

"Артынан мен түсіп, көліктің жүк салғышынан заттарымды алдым. Қарасам онда бір қара сөмке қалып қойыпты. Менің затымның жанында бір қара сөмке тұр екен. Такси жүргізушісінен сұрасам, ол менікі емес деді. Сол кезде апаның заты екенін анық білдім. Өйткені ол көлікте тек үшеуміз отырған едік. Қара сөмкені алып, үйге апарып қойдым. Ішін ашып қарасам, дәптер мен орамалға оралған көп ақша тұр екен. Өз көзіме өзім сенбедім. Себебі, өмірімде ондай ақша ұстаған емеспін. Қайта орап қойдым да дәптерді ақтардым. Сосын ішіндегі нөмірлерге хабарласып, апаның мекенжайын сұрадым. Араға 4-5 күн салып, Шардара ауданына қайта бардым. Апаға қара сөмкесін тапсырып қайттым. Соңынан риза болып маған рақмет ретінде 56 мың теңге беріп жіберіпті", - деді Самат Бекебаев.

Самат көп ақшаны көргенде әр түрлі ой келсе де, адамгершіліктен аттап кете алмағанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720484-oko-da-zas-zigit-tauyp-algan-6-mln-tegesin-iesine-kajtaryp-berdi/

pixel