RU
Астананың қатты желіне алып кранның өзі төтеп бере алмай, құлап түсті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астананың қатты желіне алып кранның өзі төтеп бере алмай, құлап түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Елорданың 188-ші көшесінде салынып жатқан құрылыс нысандарының бірінде мұнара краны құлап түсті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Болған оқиғаның нақты себебі әзірше белгісіз.

"Оқиға шамамен 16.00-де болды. Тапсырыс беруші – қаланың құрылыс басқармасы. Бастапқы деректер бойынша, кран тұйық тіреуішке соғылған болса керек. Қатты желден құлап қалған ғой", — деп "Сарыарқа" ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жакубаев Sputnik Қазақстанға мәлімет берді.

Төтенше оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Оқиға орнында Қазақстанның инвестициялар және даму министрлігінің комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel