RU
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Рассказать Вконтакте

7 наурыз күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Солтүстік Қазақстан, ҚостанайАқмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28, кей жерлерде 30 м/с аса күшеюі күтіледі, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жел жаяу бұрқасынмен 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жел жаяу бұрқасынмен 18 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-25 м/с күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel