RU
Шетелде діни білім алатын қазақ студенттері елге қайтарылып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Шетелде діни білім алатын қазақ студенттері елге қайтарылып жатыр

Рассказать Вконтакте

Шетелде күмәнді діни оқу орындарында білім алған отандастарымыз жаппай елге қайтарылып жатыр. Бүгінге дейін осындай 380 азамат оралған. Әлі де сыртта беймәлім діни білім алып жатқан жастар саны 150-ден асады. Оларды елге жеткізу ісімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысуда деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Сирия мен Ирак аумағынан бүгінге дейін 125 адам Қазақстанға қайтарылған. Олардың 57-сі сотталып та үлгеріпті. Қалғандары солардың жұбайлары мен балалары. Кәмелет жасына толмағандардың өзі 40-тан асады.

Қазіргі уақытта барлығымен діни сенімін түзету бағытында ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Ал ел ішінде діни экстремизм және терроризммен күресу үшін алдағы 4 жылға 270 миллиард теңге жұмсалмақ.

"Бес жылдың ішінде 38 экстремистік актілердің жолы кесілді. Террористік қауіптілігіне арнайы жұмыстар жүргізіп, бүгінгі таңда әсер ету дайындылығы ұлғайтылды. Қазіргі таңда қаржылардың 99 пайызы терроризмге қарсы бөлімшелердің заманауи техникамен және қару-жарақпен жабдықтауға арналған", - дейді ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталығы штабының бастығы Жанат Сайполдаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір