RU
Парамен ұсталған шенеунік тағы да жақсы қызметке орналасып алған
Жаңалықтар Қоғам

Парамен ұсталған шенеунік тағы да жақсы қызметке орналасып алған

Рассказать Вконтакте

Парамен ұсталып, істі болған Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын астаналық жоғары оқу орындарының бірінде "Рухани жаңғыру" институтын басқарып жүр деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ерлан Арын

Ерлан Арын

Жаңа қызметтегі Арын осы уақытқа дейін Беларусь республикасына барып, жергілікті оқу орнымен білесе мәдени-білім орталығын ашып үлгеріпті.

Еске салсақ, Ерлан Арынның елді шулатқан оқиғасы осыдан бес жыл бұрын болған еді. Павлодар облысының басшылығында отырған шенеунік пен оның қоластындағылар аса ірі көлемде пара алғаны үшін сотталған болатын.

Сонымен, Ерлан Арынның орынбасары мен кеңесшісі бес және үш жарым жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал өзі мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан шеттетіліп, үш жыл шартты түрдегі жазамен жеңіл құтылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
1
1
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір