RU
Бала жұбатудың жаңа тәсілін ойлап тапқан әке жұртты сүйсінтті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Бала жұбатудың жаңа тәсілін ойлап тапқан әке жұртты сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде шырылдап жылаған сәбиді жұбатудың жаңа әдісін тапқан азаматтың видеосы тарап, елдің сүйіспеншілігін тудырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеожазбада жаңа туған сәби ешнәрсеге көнбестен жылап жатады. Ересек азамат оны әрі-бері жұбатпақ болғанымен, онысынан түк шықпайды. Осыдан кейін ол түсініксіз дыбыс шығарып, дауысын жаймен бәсеңдете берген.

Ал сәби болса, дыбысты мұқият тыңдап жатып, ұйықтап кетеді.

Желі қолданушылары видеодағы азаматтың баланы ұйықтатуға қандай әдіс қолданғанын түсінбей, әуреге түскен. Алайда басым көпшілігі оның тапқырлығына тәнті болып, жағымды пікірлер қалдыруда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel