Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шатасып қалған хирургтар басқа адамның миына ота жасап тастады

Опубликовано:

Кениядағы ауруханалардың бірінде дәрігерлер қателесіп кетіп, басқа науқастың миына ота жасап жіберген деп хабарлайды vistanews.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Хирургтардың ота жасайтын бөлмесіне отаны қажет етпейтін, жай ғана ісікпен түскен науқас кіріп кеткен. Оны дәрігерлер миында қан ұйыған науқаспен шатастырып алыпты.

Ота жасау барысында бірнеше сағат өткен соң, дәрігерлер мидағы ұйыған қанды таба алмай әлекке түскен. Олар сондғана өздерінің қателескенін түсінеді.

Отадан шыққан науқастың жағдайы біртендеп қалпына келген. Ал шын мәнінде отаны қажет еткен азаматтың денсаулығы түзеліп кетіпті.

Хирургтар қателігі туралы жаңалық бар әлемге тарап кеткен соң, ауруханадағы бірнеше дәрігер жұмыстан шығарылған.

Кения ауруханасының басшылығы маман тапшылығы салдарынан осындай олқылықтар орын алды деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1720499-satasyp-kalgan-hirurgtar-baska-adamny-miyna-ota-zasap-tastady/

pixel