RU
"Біреулер жылап, дұға оқыды": BekAir жолаушысы сұмдық жайтты айтып берді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Біреулер жылап, дұға оқыды": BekAir жолаушысы сұмдық жайтты айтып берді

Рассказать Вконтакте

Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы Ақтаудан Оралға ұшып, 40 минут өткен соң әуежайға қайта келіп қонуға мәжбүр болған. Аталмыш рейспен ұшқан жолаушы қандай сұмдыққа тап болғандарын айтып берді деп хабарлайды "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Оқыс оқиға 1 наурыз күні сағат 17:37-де Ақтау халықаралық әуежайынан шыққан ұшақта болған.

Ақтау қаласының тұрғыны Марина қайғылы жағдайдан кәсіби пилот аман сақтап қалды деп отыр.

"Ұшқаннан кейін 15 минут өткен соң, ұшақ төмен қарай бірден түсіп кетті. Салондағы оттек беретін жүйе іске қосылып, маскалар құлады. Бәріміз шошып кеттік.
Жолаушылар шулай бастады. Кейбіреулерге тіпті, маска жетпей қалды. Біреулер жылап, енді біреулер дұға оқып отырды", - дейді ол.
Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Оқыс оқиғаға тап болған жолаушыларға ұшақтың бірде-бір қызметкері Ақтауға қайта қонатындарын айтпаған.

Маринаның айтуынша, төтенше жағдайдан қайта қонғанға дейін ұшақ төмен биіктікте ұшып келген.
Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Олар Ақтауға оралғаннан кейін екі сағаттан соң Оралға басқа ұшақпен жетуді ұсынады. Ұшақтың салоны бос болыпты. Көп жолаушы билеттерін қайта өткізген көрінеді.

Марина Bek Air қызметкерлерінің ешқайсысы оқиғаның мән-жайын келген соң да түсіндірмегенін айтады.

Оған қоса әуе компаниясы журналистер сауалына да жауап бермей отыр.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Сіздің реакцияңыз
3
5
8
7
1
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel