RU
Астанаға бет алған оралдық тұрғын жарты жолда бауырын ауыстырған
Жаңалықтар Қоғам

Астанаға бет алған оралдық тұрғын жарты жолда бауырын ауыстырған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе дәрігерлері Астанаға бет алған жолаушыға жедел операция жасап, бауырын ауыстырды. 55 жастағы Орал тұрғыны кезекті емін алу үшін елордалық емханалардың біріне жолға шыққан деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанаға бет алған оралдық тұрғынға жарты жолда ота жасалған

Астанаға бет алған оралдық тұрғынға жарты жолда ота жасалған

Науқастың пойызда дерті асқынып, Ақтөбе станциясына жедел жәрдем көмегін шақыруға тура келеді. Жағдайы мүшкіл екендігін анықтаған дәрігерлер өлімнен арашалаудың бір жолы трансплантация деген шешімге келген.

Күрделі операцияны жасауға шетелдік маман көмектесіпті. Өңірде биыл медициналық туризмді дамыту үшін жаңа диагностикалық орталықтың құрылысы басталуы тиіс.

Осы жобаны жүзеге асыру мақсатында Ақтөбеге келіссөз жүргізуге келген Сеул госпиталінің профессоры Ли Кванг Вунг әріптестеріне көмек қолын ұсынған.

Сырқат әйелге 20 жастағы қызы донор болуға сай келіп, бауырымен бөліскен. Қазір екеуі де Ақтөбе облыстық медицина орталығында ем алуда.

Айта кету керек, өңірде 2014 жылдан бері бауыр трансплантациясы 12 мәрте жасалған.

"Профессор Кванг-Вунг Лимен бірге жедел түрде осы оперативті ем жасалып, науқастың өміріне араша болып қалды. Енді қазір жағдайы тұрақты. Операциядан кейінгі кезең әзірге асқынусыз өтуде. Менің ойымша бірнеше күндерден кейін ол өз аяғына тұрып-жүріп, өз отбасына қосылуға мүмкіншілік алады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel