RU
Шымкентте асылып өлген баланың ісіне қатысты мектеп оқушысы ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте асылып өлген баланың ісіне қатысты мектеп оқушысы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте өз үйінің сарайында асылып қалған мектеп оқушысының өліміне қатысты 17 жастағы жеткіншек қамауға алынды деп хабарлайды Otyrar.kz басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкент

10 ақпан күні қаладағы № 83 мектептің оқушысы өз үйінің ауласындағы сарайда асылып, қайтыс болған еді. Өз-өзін өлімге қиған жасөспірімнің қалтасынан жыртылған қағаз да табылған болатын.

Туыстары онда бірнеше адамның аты-жөні жазылғанын айтты.

Осы жайтқа қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тиісті шараларды, іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Өз-өзіне құл жұмсауға итермелегені және ақша бопсалағаны үшін № 83 жалпы орта мектебінің 17 жасар оқушысы қамауға алынды. Мұндай санкцияны күдіктіге қатысты Қаратау аудандық соты шығарды.

Нәтижесінде осы мектепте оқитын бір балаға қатысты Қылмыстық Кодекстің екі бірдей бабымен іс қозғалды.

Қазір соталды тергеу жұмыстары басталды. Нәтижесі алдағы күндері белгілі болмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
3
8
4
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel