RU
Өз отанын сатып кеткен ресейлік офицерді белгісіз біреулер улап өлтірмекші
Жаңалықтар Әлемде

Өз отанын сатып кеткен ресейлік офицерді белгісіз біреулер улап өлтірмекші

Рассказать Вконтакте

2010 жылы Ресей мен АҚШ арасындағы тыңшылық мансабы әшкере болған соң, сотталып, кейін Ұлыбританияда тұруға рұқсат алған 66 жастағы Сергей Скрипаль уланып қалды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өз отанына қарсы шыққан ресйлік офицер

Өз отанына қарсы шыққан ресейлік офицер

Көп жылдан бері бейбіт тұрғынға айналған экс-тыңшы 33 жастағы әйелмен бірге Солсбери сауда орталығында хал үстінде жатқан күйінде табылған.

Ресей Басты барлау басқармасының экс-полковнигі өз туған жерінде мемлекетке жасаған сатқындығы үшін сотталып, Ұлыбританиядан тұрақты тұруға рұқсат алған болатын. Ол жақында ғана полиция қызметкерлеріне хабарласып, өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтыпты.

Қазір емханада ес-түссіз жатқан қария мен әйелдің белгісіз бір заттан уланып қалғаны анықталған. Осыған байланысты, сауда орталығындағы олар тамақтанған мейрамхана уақытша жабылды.

Жергілікті тұрғындардан өзге ешқандай улану туралы шағым түспеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары Солсбери тұрғындарын мұқият болуды шақырады.

Айта кетерлігі, Сергей Скрипаль 2010 жылы Дмитрий Медведевтің рақымшылығына ілініп, Ұлыбританияға көшіп кеткен.

Осыған дейін Ресей Басты барлау басқармасының экс-қызметкері Александр Литвиненко да 2006 жылы Ұлыбританияда полонийден уланып, көз жұмған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel