RU

Қатыгез әке ұятсыз фильм көре беретін ұлының қолын шауып тастаған

Үндістанның Хайдарабад қаласында ұятсыз фильмдер көре берген 19 жастағы баласының қолын шауып тастаған азамат қамауға алынды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dailymail.co.uk
Көрнекі фото: dailymail.co.uk: UGC

45 жастағы Мохаммед Кайюм Курейши баласы Халедтің көп уақытын ересектерге арналған фильмдер көрумен өткізетінін байқап, ашуға мінген.

Айыпталушы азаматтың айтуынша, баласының аталмыш қызығушылығы оның жетістіктеріне ғана емес, денсаулығына да әсер ете бастаған.

Ол Халедті ұятсыз фильмнің құрсауынан шығармақ болып, ұйықтап жатқан жерінен оң қолын кесіп тастапты.

Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның қолын қайта қалпына келтіру мүмкін емес дейді.

Ал оның әкесіне адам өлтірмек болды деген айып тағылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1720526-katygez-ke-atsyz-film-kre-beretin-lyny-kolyn-sauyp-tastagan.html