Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз білгеніңді істе": Отандық танымал блогер ата-ананы тыңдамауға кеңес берді

Опубликовано:

Қазақстандық блогер Ержан Рашев ересектер қауымы мен бүгінгі жастарды салыстырып, жас буынға өз мақсатына жету үшін ешкімнің кеңесіне құлақ аспау туралы ұсыныс айтты деп хабарлайды Newtimes-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Белгілі блогер мемлекеттік қызметтің «түкке қажеті жоқ» деп, ағынан жарылды
Белгілі блогер мемлекеттік қызметтің «түкке қажеті жоқ» деп, ағынан жарылды: UGC

Блогер өз сөзінде бұрындары кәсіп ашып, оны одан ары дамыту үшін, жағдай жасалмағанын айтып, ағынан жарылды.

«Менің ата-анам дәрігерлер, өмір бойы мемлекетке жұмыс жасаған жандар. Олар үнемі маған «сабағыңды жақсы оқы, белді жұмысқа тұратындай диплом ал, елге қызмет ет» деген кеңестер айтатын. Ата-әжем де осы сияқты ақыл-кеңестерін айтып, құлақ етін жейтін.
Сонда ойлап қарасам, олар мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер ала алмай қаламыз, жұмыссыз қалсақ, болашағымыз не болады деп үнемі алаңдап, өмірлерінің көп бөлігін қорқумен өткізеді екен», - деп әңгімесін бастады блогер.

Рашевтың айтуынша, мұндай ой-пікірлер адамның барлық мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға қолбайлау болады екен.

«Менің жасымдағы адамдарға «ілгері бас, ештеңеден қорықпа, биіктерді бағындыр, өз кәсібіңді ашып, оны дамыт, тәуекелшіл бол» деп ешкім айтқан емес. Нәтижесінде, бір кездері елімізде экономистер мен заңгерлер ғана қалды емес пе?

Осылай қорқып жүргенімізде зейнетақымызды біреулер талан-таражға салды, жалақымыз девальвацияның кесірінен түкке жарамсыз болып қалды»,-деп өз ойымен бөлісті Рашев.

Сөз соңында танымал блогер жас буынға «ата-аналардың кеңесіне құлақ аспай, өз айтқанымен жүріп тұру қажет» деген кеңес айтты.

«Жас қазақстандықтарға айтарым, ештеңеден қорықпаңдар, ата-аналарыңның сөзіне құлақ аспай, өз бизнестеріңді ашып, оны одан ары дамытыңдар. Ата-әжелерің мен әке-шешелеріңнің қателіктерін қайталамаңдар»,-деп сөзін қорытындылады блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720551-z-bilgenidi-iste-otandyk-tanymal-bloger-ata-anany-tydamauga-kees-berdi/

pixel