RU
Қайрат Нұртастың өзінен айнымайтын кіші баласы көпшілікті тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қайрат Нұртастың өзінен айнымайтын кіші баласы көпшілікті тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал әнші Қайрат Нұртас балаларымен бірге жеке концертін өткізетінін айтқан болатын. Күні кеше әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында кіші ұлын халыққа көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас кіші ұлын көпшілікке көрсетті (видео)

Қайрат Нұртас кіші ұлын көпшілікке көрсетті (видео)

Тыңдармандарына шақыру жолдаған әншінің кіші ұлы да видеода бой көрсетеді.

«Менің әкем Қайрат Нұртас. Келіңіздер. Күтемін», - деген балақайдың жазбасын анасы өз парақшасына жүктеген болатын.
Сондай-ақ Қайраттың жары: «Отан - отбасынан басталады. Отбасы - кіші Отан. Жеке әлем. Әр адамзат үшін құнды әлем. Сыйластық әрі жарастық орнаған отбасында әрдайым бала ұйытқы болмақ. Ұяда баланың алаңсыз өсіп-өніп, дамып, ата- анасының шексіз маxаббатына, қамқорлығына бөленіп, саналы азамат болуына, жақсы тәрбиеленуіне отбасы ықпал етіп ынталандырады. Міне, біздің кішігірім отанымызды таныстыратын күн де келді. Ендеше, ерекше кештің құрметті қонағы болыңыздар», - деген жазба қалдырды.

Айта кетейік, әнші біраз уақыт бұрын Түркия мен Мәскеуде жеке концертін ұйымдастырған болатын. Енді ол наурыз мейрамы қарсаңында еліміздің Астана, Алматы қалаларында да отбасылық кешін өткізбекші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
3
3
4
43
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір