Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдердің еркектерге қарағанда өмірге құштар екенідігі дәлеледенді

Опубликовано:

2017 жылы соңғы рет жүргізілген сауалнамада ерлерге қарағанда әйелдер өмірге құштар, өздерінің сүйікті және сенімді екендері белгілі болды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйелдердің еркектерге қарағанда өмірге құштар екенідігі дәлеледенді
Әйелдердің еркектерге қарағанда өмірге құштар екенідігі дәлеледенді: UGC

Дегенмен, 2016 жылғы «ми және іс-әрекет» тәжірибе-зерттеулері қауіп-қатер төнген жағдайда ерлердің еш уайымдамайтынын, ал әйелдердің, керісінше, қатты уайымдап, қиналатынын анықтап отыр. Сонда әйелдер өздерін бақыттымыз деп алдайды ма?

Зерттеушілер не себепті әйелдердің оптимист бола тұра, қиындыққа төзе алмайтынын анықтауға тырысыпты.

Белгілі болғаны, стресске түсіп, шаршап кеткен әйелдердің барлығы дерлік - бала қарап, жұмыс істеп, қос функцияны қоса атқарушылар.

Ұлттық статистика басқармасы 16 жастан асқан әйелдер мен ерлерге мына төрт сұрақты қойған:

  • Қазіргі таңда сіздің өз өміріңізге қаншалықты көңіліңіз толады?
  • Өз ісіңіз бен кәсібіңіз қаншалықты көңіліңізден шығады?
  • Кеше өзіңізді қаншалықты жақсы сезіндіңіз?
  • Кеше кездескен қиындықтарды қалай бағалайсыз?

Респонденттерге 0-10 шкаласы бойынша жауап берулері сұралады. 0 – ең төменгі, ал 10 – ең жоғарғы көрсеткіш.

«Әр адамның денінің саулығы мен әлеуметтік қарым-қатынасы біз жүргізетін сауалнамаға тікелей әсер етеді. Сондықтан, ел экономикасының тығырықтан шығып, дағдарыстың артта қалуы адамдардың өміріне оң әсер еткен», - дейді Сильвия Манклосси.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1720555-jelderdi-erkekterge-karaganda-mirge-kstar-ekenidigi-dleledendi/

pixel