RU
Күшікті қинап өлтірген бұзақы 12 жылға темір торға тоғытылды
Жаңалықтар Әлемде

Күшікті қинап өлтірген бұзақы 12 жылға темір торға тоғытылды

Рассказать Вконтакте

Техас штатының тұрғыны 27 жастағы Эндрю Каллауэй ит өліміне әкеп соққан пасық әрекеттері үшін толығымен кінәлі болып танылды. Қылмыскерге 12 жылға бас бостандығынан айырыу үкімі шыққан деп хабарлайды life.ru cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Осыдан бір жыл бұрын бұзақы Дизель лақап атты күшікті аяусыз өлтірген. Алдымен оны әбден таптап, қабырғаға бар күшімен лақтырды. Тәртіп сақшылары Эндрюді бірден қолға түсірді. Алайда, сансыз ауыр жарақат алған күшікті аман алып қалу қолдан келмеген

27 ақпанда қылмыскерге қатысты сот отырысы болып өтті. Оған жануарларды қорғау бөлімінің қызметкерлері де қалыспай келген. Өздерімен күшіктің күлі бар қорапты ала келген олар, Эндрю Каллауэйдің пасық қылығы неге әкеп соққанын көпшілікке көрсету үшін де келген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Аудандық прокурор Коллин Грэг Уиллис бұзақыны аяусыз қатаң түрде жазалауға шақырды.

Ал қылмыскердің айтуынша, итке ашу үстінде соққан көрінеді. Оның өзін ақтап қалу әрекеттерін сот төрелігі ескермей, 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel