RU
Шекарадан өткені үшін 17 жылға сотталып кеткен бақташы босап шықты
Жаңалықтар Әлемде

Шекарадан өткені үшін 17 жылға сотталып кеткен бақташы босап шықты

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанда 17 жылға сотталған Тәжікстанның Панчакент ауданының тұрғыны туыстарына хабарлап, өзіне рақымшылық жасалғанын, Наурыз мейрамына қарсы үйіне оралатынын айтқан деп хабаралйды Centralasian.org басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шекарадан өткені үшін 17 жылға сотталып кеткен бақташы босап шықты

Шекарадан өткені үшін 17 жылға сотталып кеткен бақташы босап шықты

Фароб Панчакент ауданының тұрғыны Сулаймон Буриев 2013 жылы қой бағып жүріп, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп кеткені үшін 17 жылға сотталған. Кейін оның жазасын жеті жылға қысқартыпты.

Сулаймонның анасы Норчучук Эшмуродова ұлының үш рет қоңырау шалғанын қуана хабарлады.

«Оны Навои қаласындағы түрмеден жалпы қоныстану мекемесіне ауыстырыпты. Ол қазір әйнек зауытында жұмыс істейді», - деді Норчучук ана.

Сулаймонның әкесі Мардон Буриевтің сөздерінше, ұлының түрмеден босап шығуына үш жыл қалған. Бірақ Өзбекстан билігі Наурыз мейрамы қарсаңында рақымшылық жасапты.

Үш жыл бұрын Сулаймонның анасы қиындықпен виза алып, Өзбекстанға барып, ұлымен кездескен. Сол кезде ұлы тергеу абақтысында 28 күн бойында оны "тәжік арнайы қызметімен байланысыңды мойында" деп азаптағанын, ұрып-соққанын айтқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
4
7
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel