RU
Әлемде адамның өліміне тыйым салынған қала туралы не білеміз?
Жаңалықтар Әлемде

Әлемде адамның өліміне тыйым салынған қала туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар өлуге тыйым салынған қаланы анықтады. Бұл қалада белгілі бір жағдай барысында орын алған адам өлімі заңға қайшы деп есептелген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

1998 жылы болжам бойынша, испан тұмауының әсерінен мерт болған имигранттардың қалдықтары табылған. Осыған дейін бұл аурудан шамамен 100 миллион адам көз жұмса керек.

Лонгйир қалашығында бұдан басқа тағы да көптеген шектеулер бар. Мәселен, дүкендерде алкогольді сусындарды бір адамға сай мөлшермен сату қолға алынса, ал үйде мысық асырауға мүлдем рұқсат жоқ.

Норвегиялық елді мекенді өзгеше қылатын нәрселер өте көп. Мұнда басты сұранысқа ие мамандықтар - шахтерлар мен ғалымдар. Ал ең қызығы, бұл елді мекенде өлуге тыйым салынған. Белгілі бір жағдаят кезінде орын алған адам өлімі заңсыз деп танылады.

Ал шынымен күні жақындап қалғанын сезгендер, Шпицберн архипелагынан қоныс аударып кетуі тиіс. Бұл адам өлімі болатын жер емес деп есептейді елді мекен тұрғындары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
6
6
2
2
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel