RU
Назарбаевты анасынан артық көрген бүлдіршін елді күлкіге қарық қылды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаевты анасынан артық көрген бүлдіршін елді күлкіге қарық қылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі балабақшаларының бірінде өткен ертеңгілікте тәрбиешінің "Ең асыл адам кім?" деген сұрағына "Нұрсұлтан Назарбаев" деп жауап берген балақай Қазнеттің жұлдызына айналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Назарбаевты анасынан артық көрген бүлдіршін елді күлкіге қарық қылды (видео)

Назарбаевты анасынан артық көрген бүлдіршін елді күлкіге қарық қылды (видео)

Желіде таралып кеткен видеоны "Спарта-Номад" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов өзінің парақшасына жариялаған.

Онда бүлдіршіндердің 8 наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламасынан үзінді көрсетілген.

Тәрбиеші апай қаз-қатар тізіліп тұрған кішкентайларға "Балалар, қалай ойлайсыңдар, ең асыл, сендерге ең жақын жан кім екен?", - деп сұрақ қояды.

Біраз үзілістен соң ұл баланың "Нұрсұлтан Назарбаев" деген жауабы естіліп, залда отырғандар қыран-топан күліп жіберген.

Ондай жауап күтпеген тәрбиеші "Одан басқа?" деп сұрақты әрі қарай жалғастырады.

Қызықтың жағдайдың қай балабақшада және қашан болғаны белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
34
2
0
4
0
24
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір