Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан олигархтары Трамптан да бай болып шықты

Опубликовано:

Forbes журналы 2018 жылға әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады. Бұл жолы атақты рейтингке бес қазақстандық енген деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж NUR.KZ
Коллаж NUR.KZ: UGC

Қазақстан азаматтарының арасында ең жоғары сатыда тұрған 729 қатардағы Тимур және Динара Құлыбаевтар. Отбасы мүшелерінің әрқайсысында 3,2 миллиард доллар қазына бар.

Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетін және «Kazenergy» қауымдастығын басқарады.

Динара Құлыбаева еліміздегі ең бай әйел және Қазақстан Халық банкінің акционері болып саналады.

Скриншот: forbes.com
Скриншот: forbes.com: UGC

776-шы орында АҚШ президенті Дональд Трамппен бір сатыда қазақстандық Владимир Ким тұр. Олардың қазынасы 3,1 миллиард долларға жеткен.

Владимир Ким тау-кен қазу өндірісіндегі «KAZ Minerals» және "Холдинг Казахмыс" компанияларын басқарады.

Скриншот: forbes.com
Скриншот: forbes.com: UGC

Қазақстандағы ірі кәсіппен айналысатын Болат Өтемұратов 2,6 миллиард доллар байлығымен 924-орынға тұрақтаған.

Скриншот: forbes.com
Скриншот: forbes.com: UGC

Соңғы, 1070-орында тұрған Қазақстан азаматы - Әлижан Ибрагимов. Байлығы 2,3 миллиард. Ол Eurasian National Resources Corporation компаниясының басшысы.

Скриншот: forbes.com
Скриншот: forbes.com: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720581-kazakstan-oligarhtary-tramptan-da-baj-bolyp-sykty/

pixel