Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарапайым қыздан мультфильм аруына қалай айналуға болады?

Опубликовано:

Нидерландық суретші Лаура Брауэрс, өзін «сурет салуды жаны сүйетін қыз» санайды. Жас суретшінің қарапайым қыздардан мультфильм кейіпкерлерін жасап шығаратын суреттері әлеуметтік желіде ерекше «резонанс» тудырып жатыр деп жазады adme.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзінің Facebook парақшасында бойжеткенді түрлі иллюстрациялар мен комикстерден бөлек, косплей мен аниме іспетті салалаларға қызығушылыған танытатынын аңғаруға болады.

Шынайы өмірдегі қыздардан мультфильмнің сымбатты бикешін жасап шығару жас суретшінің ең сүйікті ісіне айналса керек. Алайла Лаура қыздарды түбегейлі өзгертпейтінін жеткізді. Оның айтуынша, ол қыздардың шынайы табиғи сұлулығына сәл ғана мультфильм сиқырын қосады.

Нидерландық қыздың талантымен бөлісу мақсатында, сіздерге оның ең керемет деген туындыларын назарларыңызға ұсынамыз.

Лаура тек қарапайым қыздарды бейнелеумен шектелмей, мультфильм сұлуларын да салып тұратыны бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1720582-karapajym-kyzdan-multfilm-aruyna-kalaj-ajnaluga-bolady/

pixel