RU
8 наурызға арналған жұлдыздардың құпия хаттары желіде хитке айналды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

8 наурызға арналған жұлдыздардың құпия хаттары желіде хитке айналды (видео)

Рассказать Вконтакте

8 наурызда "Әйелдер қауымына қандай сыйлық береміз?" деген сұрақпен бас қатырған жұлдыздардың жеке чаттағы хаттары желіге тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

8 наурызға арналған жұлдыздардың құпия хаттары желіде хитке айналды (видео)

8 наурызға арналған жұлдыздардың құпия хаттары желіде хитке айналды (видео)

«Қызық Times» бағдарламасының жүргізушілері ашқан ортақ чатқа елімізге белгілі әншілер қосылған. Олардың арасында Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Нұрлан Еспанов, Айқын, Нұрлан Албан мен Бүркіт, Серік Ибрагимов бар. Тіпті хат алмасқандар арасынан МС Сайлаубекті де көруге болады.

Топты ашқаннан қалыспай хат жазған Нұрлан Еспанов «әйелдерге сыйлық сыйлаймыз» деген сөзді ести сала топтан шығып кетеді.

Жұлдыздар өз сүйіктілеріне қандай сыйлық сыйларын білмей басы қатқан. Абай Бегей «лексус» сыйлауды ұсынады.

Ақыр соңында ән сыйлауға тоқтаған әншілер, сөзін жаздыратын автор іздеп әлекке түскен. Алайда, Ринат Зайытов әннің мәтіні үшін 2000$ қаламақы сұрайды. Сондай-ақ МС Сайлаубек әнді тегін жазып бергісі келеді.

Соңында өздерінің хаттарын бүкіл Қазақстан оқып отырғанын білген әншілер топтан шығып кетеді.

Айта кету керек, бұл "әңгіме" - «Қызық Times» бағдарламасы үшін жасалған әзіл-видео.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір