RU
Жириновский Собчакты көшедегі қаңғыбасқа теңеді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Жириновский Собчакты көшедегі қаңғыбасқа теңеді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресей президеттігіне үміткер Владимир Жириновский пен Ксения Собчак дебат барысында тағы да бір-бірімен қатты сөз айтып, ұрысып қалған деп хабарлайды korrespondent.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: youtube.com

Сурет: youtube.com

Бұл жолы қызуқанды Жириновский Собчакты «көшедегі қаңғыбас қыз» деп мазақ қылған.

«Брежневтің дәуірі болса, сізді баяғыда-ақ, психиатрлық ауруханаға жатқызушы еді», - деп кесіп айтты Жириновский.

Жириновскийдің бұл сөзіне шыдамаған Собчак оған:

«ЛДПР-дың» басшысы осымен 25 жыл бойы саясаттағы сайқымазақ болып келеді, ешкімге сөз бермей, біреуді қаралағаннан басқа түк білмейсіз»,- деп жауап қайтарған тележүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін 28 ақпанда өткен теледебат барысында, Жириновский белгілі тележүргізушіге тіл тигізіп, Собчак сол әрекеті үшін оған су шашып жіберген еді.

Одан кейін, Жириновский үшін кек қайтармақ болған бейтаныс жігіт, Ксения Собчакты итеріп, тал түсте үстіне су шаша салған-ды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel